Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырау облысында полицей жасөспірімді көлікпен басып өлтірді (ВИДЕО)

10:35, 24 қазан 2024 795
 

Атырау облысында полицей жасөспірімді өзінің қызметтік көлігімен басып өлтірді, деп хабарлайды Alash.KZ.

Патрульдік полиция тобының инспекторы кәмелетке толмаған жас жігіттердің мопед айдап жүргенін байқайды. Кейін артынан тоқтауын сұрайды. Бірақ мопед жүргізушісу қаша жөнелген. Ал полицей жасөспірімдерді қуа жөнеледі. Мопед жүргізушісі рөлге ие бола алмай аударылады. Артында қуып келе жатқан полицей көлікті уақытында тоқтата алмай, жерде жатқан жасөспірімді көлікпен басып кетеді. 

Сот отырысында прокурор айыпталушыға 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Айыпталушы өз кінәсін мойындады.

Нәтижесінде полицей кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы және 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Видеоны сілтемеден көресіз.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар