Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Аты жаман аурумен күресіп келеді": Мереке Қалбаева оқырмандарын жылатып тастады (ВИДЕО)

13:20, 23 қыркүйек 2025 612

Белгілі блогер әрі актриса Мереке Қалбаева Instagram желісіндегі парақшасында әсерлі бейнероликпен бөлісіп, оқырмандарын алаңдатып қойды, деп жазады Alash.kz.

Ол жақын адамы – жеңгесінің жарты жыл бойы ауыр дертпен күресіп келе жатқанын айтып, қолдау көрсетуді сұрады.

"Біз жылап жүрміз. Туған күн иесі, жаныма жақын алтын адам – менің жеңешем жарты жылдан бері аты жаман аурумен күресіп келе жатыр. Алайда мен жеңешемнің бұл ауруды жеңетініне, аяққа нық тұрып кететініне сенемін. Бұйырса 100 жасын тойлап отырамыз", – деді Мереке Қалбаева.

Сонымен қатар блогер оқырмандарынан да жеңгесіне жылы лебіз арнап, туған күнімен құттықтауды өтінді.

"Жанымызға жақындар аман болсын. Айдай сұлу жеңгемді туған күнімен құттықтап, ұзақ та хайырлы ғұмыр тілеп қойыңыздаршы, жандарым", – деді блогер.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар