Қырғызстанның Ош қаласында қайғылы жағдай тіркелді. 21 қыркүйек күні кешкі уақытта аттракционда 18 жастағы қыз биіктіктен құлап, ауыр жарақат салдарынан жан тапсырды, деп хабарлайды Аlash.kz.
Жедел жәрдем қызметіне шақырту түскен бойда дәрігерлер оқиға орнына жеткен. Ауыр халдегі қыз ауруханаға жетпей, жолда көз жұмды.
Қаза болған қыздың Ош облысына қарасты Қара-Суы ауданының 2007 жылы туған тұрғыны екені белгілі болды. Қазіргі таңда оның отбасы мен жақындарына қажетті психологиялық көмек көрсетілуде.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, аттракцион иесіне қатысты тексеру басталған. Сарапшылар жабдықтың техникалық жағдайын анықтап жатыр. Сондай-ақ куәгерлерден жауап алынуда. Жергілікті билік аттракциондардың қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселесіне қайта назар аударуды тапсырды.