Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"...Атпайықшы бірімізді біріміз": Зайытов Мәжілісте өлең оқыды (Видео)

12:32, 20 наурыз 2025 452

Мәжілісмен Ринат Зайытов «Президенттің саяси реформаларын іске асыру – мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи кезеңі» тақырыбында болған мәжіліс отырысында өлең оқыды, деп жазады Alash.KZ.

Өлең оқудың алдында депутат былай деді:

- Күнделікті Мәжіліске жұмысқа келе жатқан әр депутаттың әр қадамында халықтың үміті, халықтың аманаты және халықтың тағдыры бар. Қазақ үшін қашаннан да бері елдің аманаты мен сенімінен ауыр жүк жоқ. «Дөп» бассаң – ел үмітін ақтаған ерсің, «қалт» бассаң – жаудан бетер езсің! Кейде тіпті көтерген сұрағыңа орынсыз сын тағып, «Осы мәселе сендер қозғайтын тақырып па? Неге жоғарыдағылар ұсақ-түйек мәселелер қозғайды» деп жатады. Өз басым бұл сынмен келіспеймін. Себебі біз – бір мемлекетпіз! Сондықтан ұсақ, ірі демей, әр мәселеге бірдей жұмылуымыз керек. Шалғайда жатқан бір ауылда кішкентай баланың тісі ауырса оған Астанадағы министрдің жүрегі ауыру керек. Жұмыла көтерсек, жүгіміз жеңілдейді, – деді ол.

Сөз соңында Ринат Зайытов мәжіліс залында өлең оқыды. Видео ulysmedia.kz желісінен алынды. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар