"Генераторлар, сорғы техникасы, арнайы киімдер, резеңке етіктер, сөмкелер және төтенше жағдайды жою үшін қажетті басқа да тауарлардан тұратын қосымша гуманитарлық көмек жүгі жеке бортпен жіберілді", делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ұшақ бортына су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек көрсету үшін 1000 адамға тамақ дайындауға мүмкіндігі бар мобильді ас үй, 10 моторлы қайық, 100 сорғы техникасы және 200 000 дана қап тиелген.
Гуманитарлық жүк жеткізуде ҚР ТЖМ көмек көрсеткені хабарланды.
Сондай-ақ, аталған қор эвакуациялау орындарында орналасқан 1200 адамды қолдау үшін Бейнеу қаласына фуралар жіберді. Олар үшін жеке гигиена тауарлары, азық-түлік және бір реттік ыдыс-аяқ сатып алынды.