Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырауда мектеп аумағынан ағылған мұнай табылды

10:01, 25 шілде 2024 406

Атырауда мектеп аумағында мұнай табылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Бесіктідегі интернат мектебінің әкімшілігі өткен жылы қара майлы сұйықтықты байқаған еді. Қазір ол көбейіп, экология департаментіне жүгінді. Ол жер астынан сіңіп шыққан.

«Алғашында оның мөлшері аз болды, біз оны құммен көмдік. Бірақ биыл топырақтан сұйықтықтың көбірек ағып жатқанын байқадық», - дейді мектеп директоры.

Экология департаменті бұны тазарту жұмыстарын жүргізу үшін әкімдікке хаттар жолдады.

«Тексеру нәтижелері бойынша қала полиция басқармасына мұнай тектес сұйықтықтың қайдан келгенін анықтау және кінәлі тұлғаларға шара қолдану үшін хаттар жолданды», - деп хабарлады экология департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар