Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырауда екі апта ішінде 200 шақырымнан асатын бөгет салынды

10:04, 21 сәуір 2024 497
Атырауды жағалай ағатын Жайық өзенінің көтерілуіне әрі Иректі су қоймасынан келетін су ағынының күшеюіне байланысты жағалауды нығайту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қаланы су тасқынынан қорғау үшін қазіргі уақытта 238 шақырым бөгет салу жоспарланып отыр. Оның 203 шақырымы аяқталған, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жағалауды нығайту жұмыстарына 1028 техника тартылып, әртүрлі ұйымнан 3875 қызметкер, 3741 ерікті ат салысқан. Қала 111 секторға бөлінген. Онда бөгет салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жалпы, Атырау облысы бойынша су тасқынына қарсы 423,95 шақырым қорғаныс бөгеттері салынды. Бұл жспарланған 506,8 шақырым жағалаудың аяқталуға шақ қалғанын көрсетеді. Орындалған жұмыстың көлемі - 83,6%.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар