Атырауда әйел адамды тұрғын үйде подьездінде пышақтап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
«Кешенді шаралардың, жедел-іздестірудің нәтижесінде, Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері 1991 жылы туған әйелді өлтіру фактісі бойынша 1995 жылы туған күдікті анықталып, Ақтау қаласында ұсталды», - деп хабарлады полиция.
Айта кетейік, зардап шеккен әйел қазіргі уақытта облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімшесінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр.