Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырау облысында 11 жыл бойы бұрынғы әйелін азаптағаны айтылған әкім қызметтен кетті

20:09, 05 маусым 2024 510
Атырау облысы, Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовтың үстінен бұрынғы әйелі шағымданып, 11 жыл бойы ұрып-cоққанын, зәбір көрсеткенін хабарлаған еді.  Мұндай айыптауларға байланысты әрі әлеуметтік желіде көтерілген жанжалдан кейін әкім қызметтен кетті, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 
 
Ринат Ибрагимов өзінің қызметтен кеткенін БАҚ өкілдеріне де мәлімдеді. 2024 жылы 5 маусымда облыс әкімдігі де бұл деректі растады.
 "Иә, өз еркімен қызметінен кетті", деп мәлімдеді Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 17 мамырда Қазақстанда тағы бір отбасыға жанжал жайы айтыла бастады. Ел назарына әйелін азаптаған азамат ретінде Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов ілінді. Оның бұрынғы әйелі Ақмарал Үмбетқалиева шағым айтып, шенеуніктің өзін 11 жыл бойы ұрып-соғып, азаптап келгенін мәлімдеген еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар