Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ата-енемен тұрамыз, шашым ағарды, қалпына келмейтінін түсіндім: Жұлдыз Өмірғали Айқын туралы бар шындығын айтты

09:22, 18 қараша 2024 3297

Әнші Жұлдыз Өмірғали OZMZ бағдарламасына берген сұхбатында отбасы туралы айтты, – деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Ол күйеуі, әнші Айқын Төлепбергенмен арақатынасы жайлы сөз қозғады.

«Айқын қатты қызғанады. Бұған етім үйреніп кетті. Енді жылдар өткен сайын өзгеріп келеді. Алғашқы жылдары ондай кезде бәрін түсіндіріп, дәлелдеп жүретінмін. Кейін уақыт өте жүйке клеткаларым қалпына келмейтінін түсіндім. Шаш ағарды, екі бала өсті. Қазір ата-енеммен тұрамыз, бала-шағамның көзінше жылап-еңірегеннен пайда жоқ екенін түсіндім. Қазір барынша қалыпты қабылдаймын. 19 бен 29 арасы да осындай деп білемін. Қазір қарым-қатынас басқа деңгейге көтерілді», – деді Жұлдыз Өмірғали.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар