Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ата-анасына сабыр: Солтүстік Қазақстанда атасы немересін ойнатуға алып шығып, өлтіріп алды

18:36, 19 қыркүйек 2024 1499

Атасы немересін ойнатуға алып шығып, кенеттен немересін өлтіріп алды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

"56 жастағы ер адам өз үйінің ауласында "POLARIS" маркалы квадроциклді басқара алмай, аударылып қалған. Салдарынан қасында отырған 4 жасар бала жарақат алып, орталық аудандық ауруханаға түсті, өкінішке орай, көп ұзамай бала көз жұмды. Квадроциклдің жүргізушісі де орталық ауруханаға жатқызылды", - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар