Бельгиялық Жәнібек аталып кеткен Мұрат Савелиев Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Alash.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.
Жәнібектің айтуынша, биыл қуантқан, мұңайтқан сәттер де болған, бірақ оны мазалайтын жалғыз сұрақ: "Анашым, қайдасың?"
"Кейде менен неге анамды немесе отбасымды тапқым келетінін сұрайтындар бар, бұл сұрақтың жауабы түсінікті деп ойлаймын. Адамға өмірді бірге сүретін анасы, әкесі, аға-інісі, қарындас-әпкесі болуы керек қой. Бөлек қалып, жылап жүрмей, бірге жүріп, мықты болған дұрыс деп ойлаймын. Мысалы, ата-анаммен, аға-қарындаспен бірге Жаңа жыл мерекесін тойласам, керемет емес пе? Менің жаңа жылдық сыйлығым - өздеріңіз, бұл сөзсіз!", - деп жазды ол.