Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Асырап алдық”: Нұрғиса Тілендиевтің жұбайы алғаш рет балалары жөніндегі құпияны ашты

10:04, 30 қараша 2024 2398

Аты аңызға айналған күйші, дирижер, композитор, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің өнері дүйім жұртқа мәлім, ал өмір жолында түрлі сынақты бастан өткерген. Күйшінің жұбайы тың дерек бөлісті, деп хабарлайды Alash.KZ zhuldyzdy_news парақшасына сілтеп.

“Иә, біз сәбиді ұзақ күттік, біраз ем де алдық. Данияр деген баланы асырап алдық. Ол Нұрағаңның туысқан қарындасынан туған. Ол қарындасы күйеуімен ажырасып кетті де, үш айлығында мен сол баланы бауырыма бастым. Данияр 1976 жылы туған бала. Мен оны емізіп едім, мейірленгенім соншалық менің омырауымнан сүт шығып кетті. Данияр ұлым 9 жасқа толғанда 1985 жылы Динара қызым дүниеге келді. 39 жасымда Динара қызымды өзім тудым ғой. Нұраға Динара өмірге келгенде қатты қуанды. Данияр балам өте әппақ, маған ұқсайтын. Ал 25 жасында Данияр баламнан айырылып қалдым, жүрегі тоқтап қалды”, – дейді композитордың жұбайы.

Бүгінде Дариға Тілендікеліні Алматы қаласында тұрады. Ол кісінің ендігі арманы – қызы Динара мен немересі Даянаның қызығын көру.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар