Әнші Ерке Есмахан оқырмандарын 8 наурыз мерекесімен құттықтады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Нұр жауып тұрған көктемде. Ақ жаулықты аналар, аяулы арулар, барлық нәзік жандар! Бүгінгі мереке құтты болсын! Дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақ, отбасыларыңызға береке тілеймін! Жүрек түбіндегі ең асыл армандарыңыз орындалсын! Менімен суретке түсуге келіскен үйдегі жалғыз жігіт, Ислам. Олда өзінше теріс қарап”,- деп жазды әнші.