Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанадан Баянөлгейге шыққан автобус жолда өртеніп кетті

14:50, 21 шілде 2024 4741

Астанадан Баян-Өлгейге (Моңғолия) бағыт алған рейстік автобус 20 шілдеде Ресейдегі тас жолда өртенді, деп хабарлайды Alash.KZ.

Бұл туралы Ресейдің Алтай Республикасы бойынша ТЖМ мәлімдеді. Құзырлы министрлік атап өткендей, төтенше жағдай Оңғұдай ауданында болған.

"Сағат 06:13-те "Шу трактісі" Р-256 автожолының 720 шақырымында Астана (Қазақстан Республикасы) – Баян-өлгей (Моңғолия Республикасы) бағыты бойынша жүретін рейстік автобусының өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Салонда 50 адам болған, оның ішінде 15 бала бар, барлығы өздігінен эвакуацияланды, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

 Сондай-ақ, ведомствода сағат 06:14-те өрт орнына Оңғұдай ауылының №8 өрт сөндіру-құтқару бөлімінің өрт сөндірушілері барғанын айтты.

"Сағат 07:15-те өрт сөндірілді. Автомобиль жолымен көлік қозғалысы шектелмейді. Ресей ТЖМ күшімен жолаушылар Иня ауылындағы уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді", - деп қорытындылады ТЖМ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?