Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанадағы LED-экранда Украина туы көрсетілген: ІІМ қылмыстық іс қозғады (Видео)

13:44, 28 қараша 2024 148

Кеше Астанадағы LED-экранда Ресей туының орнына Украина туы көрсетілгені үшін қылмыстық іс қозғалды, деп жазады Alash.KZ.

“Оқиғаның барлық мүмкін нұсқалары қарастырылуда, оның ішінде техникалық ақаулар немесе жабдықтың жұмыс істеу процестеріне сырттан заңсыз араласу нұсқалары да тексерілуде”, – деп хабарлады ҚР ІІМ.

Полиция құқыққа қайшы әрекеттер жасаған кінәлілердің жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Еске сала кетсек, кеше Астанаға Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келген болатын.

Осы оқиғаға байланысты елордада Ресей Федерациясының тулары ілініп, LED-экрандарда Ресей символдары көрсетілген.

Ал ZTB NEWS редакциясы желі оқырмандары мен пайдаланушыларын ескертеді: модераторлар жалған ақпарат таратып, пікірлерде арандатушылық және қақтығыс жағдайын туғызатын күдікті аккаунттарды бұғаттайтынын жазды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар