Вашингтондағы Конституция даңғылында АҚШ құпия қызметі өкілдері Ақ үй маңында президент Дональд Трампты өлтiремiн деп қорқытқан Венесуэла азаматы Ронни Йордрикс Гуанипа Криносты ұстады, деп хабарлайды Alash.kz.
Оқиға 5 қараша күні кешке орын алған. Көлікте отырған ер адамның күмәнді әрекеттерін байқаған құпия қызмет қызметкерлері оны тексеруге жақындаған кезде, күдіктінің Вашингтонға АҚШ президентін өлтiру мақсатымен келгені белгілі болған. Көлікті тінту барысында құқық қорғау органдары атыс қаруы мен оқ-дәрілерді тапты.
Ресми мәліметтерге сәйкес, күдікті АҚШ аумағында заңсыз жүрген. Ол 2024 жылдың наурызында Техас штаты арқылы АШҚ шекарасын заңсыз кесіп өтіп, кейін шекара қызметінің қолына түскен еді.
Күдікті ұсталғаннан кейін АҚШ иммиграция және кедендік бақылау қызметі оны қамауда ұстау туралы ресми өтініш жолдады. Қазіргі таңда ол АҚШ сот приставтары қызметінің толық бақылауында отыр.