Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Alash.kz.
Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.