Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Балуан Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингте үздік үштікке енді

Балуан Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингте үздік үштікке енді

Біріккен күрес әлемі (UWW) жаңартқан әлемдік рейтингте еркін күрестен Қазақстан құрамасының балуаны Нұрқожа Қайпанов 74 келі салмақ дәрежесінде үшінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Alash.kz.

Қазақстан күрес федерациясының мәлімдеуінше, бұған дейін 28-орында тұрған отандасымыз бірден 25 сатыға жоғарылады

Аталған салмақта рейтинг көшін Иналбек Шериев бастап тұр. Екінші орынға Ёсиносуке Аояги жайғасса, үздік үштікті Нұрқожа Қайпанов түйіндеді.

«Нұрқожаны осы жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетіп, ел қоржынына жаңа жүлделер салуына тілектеспіз.

Балуандарымызға бірге қолдау көрсетейік! Алға, Қазақстан!», – делінген федерация құттықтауында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар