Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өнер Сейілхан Ташкенттегі әлем кубогының кезеңінде жартылай финалға шықты

Өнер Сейілхан Ташкенттегі әлем кубогының кезеңінде жартылай финалға шықты

Қазақстандық боксшы Өнер Сейілхан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем кубогының финалдық кезеңінде жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Alash.kz.

ҰОҚ мәліметінше, отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Қырғызстан өкілі Алмаз Орозбековтен басым түсті.

Осылайша, Өнер Сейілхан кем дегенде қола жүлдені қанжығасына байлады.

Айта кетейік, бұған дейін Карина Ибрагимова да (57 келіге дейін) жартылай финалға жолдама алған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар