Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай мәслихат сайлауында дауыс берді

Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай мәслихат сайлауында дауыс берді

Құрылтай Төрағасы мәслихат сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Құрылтайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай елордадағы мектептердің бірінде орналасқан сайлау учаскесіне барып, мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді.

Бүгін еліміздің түгел өңірінде азаматтар барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлап жатыр.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихат депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша, ал аудандар мен қалалардың мәслихат депутаттары бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

Бұл – жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі жергілікті өкілді органдарда өткізіліп жатқан алғашқы сайлау.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар