Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Дастан Сәтпаев жоқ»: Англиялық клубтың бүгінгі құрамы жария болды

20:17, 07 қараша 2026

Англияның «Бернли» футбол клубы Чемпионшиптің 15-ші турында Уэльстің «Кардифф Сити» ұжымына қарсы өтетін сырт алаңдағы кездесуге негізгі құрамын жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

Бас бапкердің шешімімен алаңға алғашқы минуттардан Кудер, Банель, Унтонджи, Пирес, Игор, Лорент, Рамазани, Уокер, Хатате, Эдвардс және Экдаль шығады. Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев жамбас бұлшықетінің артқы бетінің жарақатынан әлі толық айықпағандықтан, бұл ойынның өтінім тізіміне енгізілген жоқ.

Өткен турда «Бернли» сырт алаңда «Куинз Парк Рейнджерспен» 1:1 есебімен тең түссе, «Кардифф Сити» өз майданында «Вест Хэммен» өткен ойында 3:3 есебін тіркеген еді. Қазіргі таңда 14 матч өткізген «Бернли» 10 ұпаймен турнир кестесінің 22-ші сатысында тұрса, 15 ұпайы бар «Кардифф Сити» 18-ші орынға жайғасқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар