Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«26 рет пышақ сұққаны рас па?»: Қарағанды облысында ер адамның әйеліне шабуылдағаны анықталды

12:11, 07 қараша 2026

Қарағанды облысы Абай қаласында ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал ушығып, соңы қайғылы оқиғаға ұласты, деп хабарлайды Alash.kz.

Тұрмыстық кикілжің кезінде 34 жастағы ер адам өз әйелін пышақтап жіберген. Салдарынан 28 жастағы әйел ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Құқық қорғау органдары бұл туралы ақпаратты 6 қарашада жедел жәрдем диспетчерінен қабылдап алған.

Әлеуметтік желілерде күдіктінің әйеліне 26 рет пышақ сұққаны туралы мәлімет тарағанымен, Қарағанды облыстық Полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеп, жоққа шығарды.

Қазіргі уақытта күдікті азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар