Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетіне биыл ғана Шымкенттен оқуға түскен бірінші курс студенті қалашық аумағында қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.
Қайғылы жағдай 6 қараша күні кешке орын алған. Оқиғадан кейін жатақханада тұратын студенттерге бөлмелерінен және балкондарға шығуға қатаң тыйым салынып, ортақ чаттардағы осы жайтқа қатысты хабарламаларды өшіру сұралған. Сонымен қатар жастарға телефондағы жазбалар тексерілуі мүмкін екені ескертілген.
Студенттер арасында бойжеткеннің өзіне қол жұмсауы мүмкін деген болжамдар айтылып жатқанымен, құзырлы органдар тарапынан бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның толық мән-жайы мен бойжеткен өлімінің нақты себебін анықтау мақсатында тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.