Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

9 миллиард теңге жұмсалған қазақстандық QazVac вакцинасын ДДСҰ мойындамады

21:42, 06 қараша 2026

Қазақстанда коронавирусқа қарсы әзірленген препарат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала біліктілік бағалауынан өте алмады, деп жазады Alash.kz.

Вакцинаны әзірлеуге мемлекет 2 миллиард теңгеден астам, ал Жамбыл облысындағы өндіріс орнын салуға 7 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлген.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, 2023–2024 жылдары ДДСҰ вакцинаны тіркеу үшін қосымша талаптар қойған. Алайда қазір оны халықаралық деңгейде тіркеудің өзектілігі жойылған.

Министрлік QazVac-тың бағалаудан өтпеуі оның тиімсіз немесе қауіпті екенін білдірмейтінін атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар