Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тарихи жетістік: Шымкенттік «Ордабасы» басты екі турнирде де чемпион атанды (ВИДЕО)

21:43, 07 қараша 2026

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы Қазақстан кубогының финалдық кездесуінде Қызылорданың «Қайсарын» 4:1 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Alash.kz.

Түркістандағы «Түркістан Арена» стадионында өткен шешуші бәсекеде шымкенттік команда сапынан Сұлтанбек Астанов, Бьерн Йонсен, Давид Абагна және Эльхан Астанов мергендік танытты. Ал «Қайсардың» жалғыз жауап голын Агостиньо Азеведо өз еншісіне жазды.

Осы жеңістің арқасында «Ордабасы» бір маусымда әрі Қазақстан чемпионатын, әрі ел кубогын қатар бағындырып, отандық футбол тарихында «алтын дубль» жасаған алтыншы клуб атанды. Шымкенттік ұжым бұл жүлдені бұған дейін 2011 және 2022 жылдары иеленген болатын. Бұдан бөлек, «Ордабасының» жеңісі ел біріншілігінде төртінші орын алған Көкшетаудың «Оқжетпес» клубына Конференциялар лигасына жолдама алуға мүмкіндік берді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар