Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы жағдай: БҚО-да құрылыс алаңындағы кран құлап, жұмысшы қаза тапты (ФОТО)

21:32, 07 қараша 2026

Батыс Қазақстан облысындағы құрылыс алаңында кран құлап, бір жұмысшы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қайғылы оқиға Мичурино ауылында таңертеңгі сағат 10:00 шамасында орын алған. Полиция департаментінің мәліметінше, мұнаралы кран көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатқан алаңда құлаған. Апат салдарынан кран машинисі алған жарақаттарынан тіл тартпай кетті.

ашық дереккөз


Қазіргі уақытта аталған оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар