Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанадағы Жоғарғы соттың үш судьясы қызметінен босатылды

10:43, 16 қазан 2025 103

Жоғарғы соттың үш судьясы қызметінен босатылды, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы бойынша Сенат Ғабит Әлжановты, Роза Жақудинаны және Тыныштық Молдахметованы қызметтерінен босату туралы шешім қабылдады.

Бұл жайлы Сенат отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов жария етті.

«Сіздердің қарауларыңызға Мемлекет басшысының Ғабит Әлжановты, Роза Жақудинаны және Тыныштық Молдахметованы отставкаға байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы ұсынысы енгізілді. Үшеуі де шамамен 30 жылдық судьялық тәжірибесі бар, мінсіз беделімен танылған және сот қауымдастығында зор құрметке ие. Әділ сот ісіне адалдығы мен сот жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлестерін ескере отырып, олар құрметті отставкаға лайық», – деді Малахов.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар