Астанада СОБР қызметкерлеріне шабуыл жасалды, деп хабарлайды ALASH.kz
Астанада Мәңгілік Ел даңғылы, 55/4 мекенжайында белгісіз бес адамнан тұратын топ СОБР қызметкерлеріне шабуыл жасап, дене жарақаттарын салған.
Шабуылдаушылар екі автокөлікпен оқиға орнынан қашып кеткен.
Біздің дереккөздеріміздің мәліметінше, жанжал СОБР қызметкерлері мен жедел уәкілдер арасында болуы мүмкін. Қазіргі таңда полицияның барлық жеке құрамы шабуылдаушыларды іздеуге және ұстауға бағытталған.
Іздестіріліп жатқандар:
- Алтынбек Тимур Миятбекұлы, 28.12.1999 жылы туған, Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Жібек Жолы ауылының тұрғыны.
- Жанбосынов Торехан Нұрланұлы, 09.09.1999 жылы туған, Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылының тұрғыны.
Полиция күдіктілерді іздеу бойынша шаралар қабылдауда. Іздестіру туралы ақпарат барлық полиция бөлімдеріне, соның ішінде «Рубеж» жүйесі бекеттеріне, вокзалдарға, әуежайларға және шекаралық бақылау бекеттеріне жіберілген.
Күдіктілердің фотосуреттері полиция басқармаларында, базарларда, қоғамдық көлік аялдамаларында, қонақ үйлерде және ойын-сауық орындарында орналастырылды.