Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада қытайлық мәдениет орталығы ашылады

08:17, 12 ақпан 2024 340

Қытайда Қазақстанның мәдени орталығы ашылады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.


ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісінің мәдениет істері жөніндегі кеңесшісі Цзян Пэнмен кездесіп, Бейжіңде қазақстандық мәдениет орталығын және Астанада қытайлық мәдениет орталығын ашу мәселелерін талқылаған.


Күміс Сейітованың айтуынша, министрлік ҚХР-дағы орталықтың тұжырымдамасын әзірлеген.

Орталық жұмысының негізгі қызметі музей ісі, кинематография мен мультипликация, орындаушылық және бейнелеу өнерін қамтиды деп жоспарланған. Сондай-ақ, кітапхана мен Қазақстан туризмі бұрышын да ашу көзделген.

Айта өтейік, 2022 жылы екі елдің басшылары Қазақстан мен Қытайда тең дәрежедегі мәдени орталықтар құру туралы келісімге келген болатын. Жаңа орталықтардың ашылуы екі елдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығына серпін береді.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар