Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада «Құралай» қуыршақ театрлары фестивалі өтеді

18:19, 24 маусым 2023 306
Астана қаласының 25 жылдығына орай биыл Елордада әртүрлі іс-шара жоспарланып отыр. Соның бірі – III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестивалі. Елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, бас қаланың ширек ғасырлық мерейтойының құрметіне орай, қазақтың қуыршақ театрын басқа ел көрермендеріне көрсету мақсатында маусым айының 25-29 аралығында аталмыш театр фестивалі өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, бұл фестиваль тұңғыш рет 2015 жылы, маусымның 29-күні мен шілденің 2-жұлдызы арасында ұйымдастырылып өткізілген-ді. Одан кейін, қуыршақ фестивалі 2018 жылы жалғасты. Бас қаланың қуыршақ театры ашылған күннен бері әлемнің ең озық қуаршақ театрларымен шығармашылық қарым-қатынаста жұмыс жасап келе жатыр. Осы уақытқа дейін екі рет қуаршақ театр фестивалін өткізген өнер ордасы бірнеше дүркін халықаралық өнер додаларына қатысып, мәреден көрінген-ді.

Астанадағы «Қуыршақ» театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі Қуат Ежембектің айтуынша, 2015 жылы өткізілген I Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестиваліне бірнеше шетел өнерпаздары қатысқан. Олардың арасында Перу мен Эстония бар. Одан кейін Болгария мен Сербия, Румыния мен Ресей де болды. Татарстан мен Түркия да қонақтар қатарынан көрінген-ді. Тәжікстан мен Италия және Тунис, Бельгия мен Босния, Герцеговина қатарлы елдердің әртістері келіп қатысып, фестивал аясында EURASIA PUPPET – қуыршақ театрлары ассоциациясын құру туралы меморандумына қол қойған-ды.

Астанада қол қойылған сол жолғы меморандум театрлар арасындағы қарым-қатынасты арттырып, байланысты нығайтты. ІІ фестивал де өз деңгейінде аталып өтті. Ал биылғы III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестиваліне әлемнің алты елінен театр әртістері келіп қатысуда. Олардың арасында бұрынғы қонақтардан Перу мен Түркия, Ресей мен өзбекстан бар. Ал Қытай бірінші рет келіп отыр. Сербия, Эстония театр ұжымы да өнер додасының көрігін қыздырмақшы.

Бір қызықы, бұл фестивальдің бұрынғы өнер додаларынан ерекшелігі сол – арнайы номинация жеңімпаздарын Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» жанынан құрылған театр студиясының алғашқы түлектері анықтайтын болады. Яғни әділқазылар балалар болады.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар