Әлеуметтік желіде зардап шеккен жасөспірім қыздың 12-сынып оқушысы екені, оған қарын, мойын, жамбас және қол аймағына пышақ жарақаттары салынғаны туралы айтылады.
Zakon.kz порталының хабарлауынша, Астана қаласы, Есіл ауданының полиция басқармасы 18 жастағы қызды өлтіруге оқталу фактісіне сәйкес қылмыстық іс бойынша тергеу амалдарының қолға алынғанын жеткізген.
"Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Барлық қажетті сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады елордалық полиция.
Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жариялауға жатпайды. Мектеп оқушысына қанша рет пышақ ұрылғаны туралы ресми ақпарат айтылмады.