Бұл туралы адвокат Инга Иманбай мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.
Оның айтуынша, қайтыс болған жастардың аналары — Сана Мерланның, Ақанова Әделдің және Ақнәр Хамиттың аналары Президент Әкімшілігінің кеңсесі ғимаратының алдында полиция қызметкерлері тарапынан ұсталған.
Адвокаттың сөзінше, аналар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұжымдық өтініш тапсыру үшін барған. Өтініште балалардың өліміне қатысты қылмыстық істердің әділ, тәуелсіз әрі толық тергелуін талап ету көзделген.
Бұл жағдайға байланысты Massaget.kz тілшісі Астана Полиция департаментіне жүгінген.
"Есіл ауданы полиция басқармасына рұқсат етілмеген жиналыс өткізуіне байланысты үш әйел жеткізілді. Олармен бейбіт жиналыстар өткізу тәртібі туралы қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау қажет екені жөнінде әңгіме жүргізілді", - деді полицияның баспасөз қызметі өкілі.