Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды

11:42, 01 ақпан 2024 427
1-5 ақпан аралығында ұлттық құрама үздіктері ел чемпионатының жүлдесіне таласады. Астанада күрес түрлерінен тартысты Қазақстан біріншілігі басталды, деп хабарлады Alash.kz.

Алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресінің шеберлері кілемге шығады. Ел чемпионатының жүлдесіне таласатын балуандар арасында ұлттық құрама үздіктері де бар.

Атап айтқанда, Исхар Құрбаев, Айдос Сұлтанғали, Сұлтан Әсетұлы, Алмат Кебіспаев, Мейіржан Шермаханбет, Демеу Жадыраев, Азат Садықов, Мақсат Ережепов, Әлімхан Сыздықов сынды әлемдік жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері сынға түседі.

Чемпионат қорытындысы бойынша сәуір айында Қырғызстанда өтетін Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысатын спортшылар анықталады.

1-2 ақпан күндері грек-рим күресінің шеберлері кілемге шығады. Олар 1 ақпанда 55, 63, 72, 82, 97 келі, ертең 60, 67, 77, 87, 130 келі салмақ дәрежесінде күреседі.

3 ақпанда әйелдер күресі болады. Әйелдер 50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72, 76 келіде күш сынасады.

4 ақпанда еркін күрес шеберлері 57, 65, 74, 86, 92 келі салмақта белдеседі. Ал чемпионаттың соңғы күні, яғни 5 ақпанда кілемге тағы да еркін күрес балуандары шығып, 61, 70, 79, 97, 125 келіде шын мықтыны анықтайды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар