Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада Кенесары ханның сарбаздары жерленген зират көпшілікті алаңдатуда

15:35, 05 қаңтар 2026

Астанада Кенесары ханның сарбаздары жерленген Қараөткел зираты қалың көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Әлеуметтік желі қолданушысы Мәжит Ахметовтің хабарлауынша, Астана қаласы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, бұл қорымда ғылыми-зерттеу жұмыстары әлі де жалғасып келеді. Зерттеулерді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары жүргізуде. Атап айтқанда, арабтанушы мамандар көне құлпытастардағы жазуларды оқып, ғылыми тұрғыда зерделеуде.

Бұл зират – елорда аумағындағы ең көне жерлеу орындарының бірі. Ол Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан және қала ресми түрде негізін қаламай тұрып-ақ пайда болған. Мамандардың айтуынша, «Қараөткел» – Астанада сақталған бірегей тарихи-мәдени ескерткіш.

Аталған зиратта Сары батыр, Бөгенбай батыр мен Қабанбай батырдың сарбаздары, сондай-ақ Ақмоланың тұңғыш сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендеұлы жерленген. Ең алғашқы қабірлер 1609 жылға тиесілі екені белгілі болды.

Желі қолданушылары бұл тарихи орынды сақтап қалу маңызды екенін атап өтіп, ресми мәртебе беріп, оны мемориалдық кешенге айналдырып, батырлар рухына арналған ескерткіш орнатып, аумағын абаттандыру қажет екенін жазуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар