Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада фитнес жаттықтырушысы жалған абонемент сатып, бас бостандығынан айырылды

Астанада фитнес жаттықтырушысы жалған абонемент сатып, бас бостандығынан айырылды

Астанада бұрын фитнес жаттықтырушысы болған азамат жалған сыйлық сертификаттарын сатып, 24 адамды алдаған, деп жазады Alash.KZ.

Ол нарықтағы бағасы 700 мың теңге тұратын фитнес-абонементтерді жалған түрде 150 мың теңгеге сатқан.

Жалпы шығын 3,5 млн теңгеден асты. Залал толық өтеліп, сот оны 3 жылға пробациялық бақылаумен бас бостандығын шектеуге үкім етті.

Прокуратура алаяқтық фактілері жиілеп кеткенін және мұндай қызметтерді тек ресми сатушылардан алу қажеттігін ескертеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар