Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада бетінен пышақталған балаға алғашқы дәрігерлік көмекті кім жасады? (Видео)

11:40, 13 ақпан 2025 414

Жедел сатыда бетінен пышақталған бес жасар баланы құтқарып қалған дәрігер жағдайдың қалай болғанын айтты, деп жазады Alash.KZ.

Жарақат алған баланың анасына көмекке көршісі Жандос Ахнаев келді. Жандос мамандығы бойынша хирург болып шықты. Дәрігер жедел әрі кәсіби түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, баланың қанын тоқтатып, жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін күтіп тұрған. 

Баланың қазіргі жағдайы туралы дәрігерлер не айтты?

Бес жасар бала елордадағы №2 қалалық көпсалалы балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылды. Шабуылдың нәтижесінде баланың бетінің жұмсақ тіндерінде жарақаттар пайда болған.

"Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта. Ол барлық қажетті ем-домды толық көлемде алып жатыр", – деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Балаға ота жасалған, хирургтар қан кетуді тоқтату үшін тамырларыды байлаған. Операциядан кейін баланың жағдайы тұрақты.

№2 қалалық көп бейінді балалар ауруханасы" МКҚК жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Юсуп Ғұсейіновтің айтуынша, баланың денесінде төрт пышақ жарақаты болған.

"Бала ауыр жағдайда түсті, жарақаттардың ең тереңі сол жақтағы құлақ аймағына жақын жерде. Өміріне қауіп төнген, себебі бала көп қан жоғалтқан. Қазір жағдайы тұрақты, бірақ толық емделіп шығу үшін уақыт қажет", – деп түсіндірді дәрігер.

Жәбірленушіге барлық қажетті медициналық көмек және мамандардың кеңестері толық көлемде көрсетіледі. Қазіргі уақытта баланың өміріне қауіп жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Ақордада ауыс-түйіс

09:18, 13 ақпан 2025 352