Астанада «Артем» сауда үйінің жанында адам өлімі болды, деп жазады Alash.KZ.
Елордада кісі өлтіру оқиғасы орын алды. Жанжал кезінде ер адам екінші адамның басынан атқан.
Қылмыс фактісі бойынша іс қозғалды.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция хабарламасында:
«Жанжал салдарынан күдікті марқұмның басына оқ атқан. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген.
Желіде оққа ұшқан адам туралы ақпараттар тарауда. Олар таныс болған. Алдымен төбелесіп, арты атысқа ұласқан көрінеді.