Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада адвокат 11 жылға сотталды

10:26, 22 ақпан 2024 340
Адвокат алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін сотталды.

Елорда прокуратурасының хабарлауынша, адвокат өз қорғауындағы азаматтардың мүддесінде өкілдік ету барысында, пайда табу мақсатымен бірнеше рет алаяқтық жасап, аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу арқылы жалпы 164,9 млн теңге қаражатын иемденген.

Сотталушы аударылған қаражаттардың өз жұмысы үшін ақысы ретінде алғандығы туралы алқабилерді сендіруге тырысқан, алайда мемлекеттік айыптаушы оның осы қылмыстарды жасағандығын дәлелдеді.
«Алқабилер сотының үкіміне сәйкес сотталушы бірнеше рет алаяқтық жасағаны және аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды», – делінген хабарламада.

Пара нысаны заңсыз алынған мүлік ретінде танылып, мемлекет кірісіне өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Фото: pixabay.com
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар