Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада 11 адам лифт ішінде қамалып, сыртқа шыға алмай қалды

10:35, 03 қаңтар 2026

Елордалық құтқарушылар лифтте қамалып қалған 11 адамға, оның ішінде 5 балаға көмек көрсетті, деп хабарлайды  Alash.kz.

ТЖМ мәліметінше, оқиға түнгі уақытта Сарайшық ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Лифт 3-қабаттан төмен түсу кезінде екінші және бірінші қабаттың арасында тоқтап қалған.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар лифт есігін ашып, іште қалған адамдарды қауіпсіз түрде сыртқа шығарды. Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар