Елордада стихиялық полигондармен күрес тұрақты түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері қаланың бес ауданында 90 мың тоннаға жуық қоқыс жиналып, полигондарға шығарылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Елорданың әрбір ауданында күн сайын рұқсат етілмеген полигондардың болуына мониторинг жүргізіледі. Жыл басынан бері қала және оған іргелес аумақ бойынша 100-ден астам учаске жойылып, 90 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Мысалы, Алматы ауданы бойынша 61 учаске жойылып, 23,5 мың тонна қоқыс (3357 рейс) шығарылды.
Байқоңыр ауданында 4 учаске жойылып, 5 461 тонна қоқыс шығарылды.
Есіл ауданы бойынша 12 нүкте жойылып, 12,6 мың тонна қоқыс шығарылды.
Сарыарқа ауданы бойынша 22 стихиялық қоқыс орны пысықталып, 18 мың тонна қоқыс шығарылды. Жұмыс жалғасуда.
Нұра ауданынан жойылған 4 нүктеден 27 мың тонна қоқыс шығарылды.