Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астана қаласында ауқымды ғылыми-отбасылық фестиваль өтіп жатыр

12:41, 21 қыркүйек 2024 303

Бүгін елордада бүкіл отбасы мүшелері үшін ең ірі ғылыми-танымал  — PRO.NRG FEST 2024 «Tabigat & Science» фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы. 

PRO.NRG FEST 2024 «Tabigat & Science» — бұл қазіргі ғылымның арқасында адам мен табиғаттың үйлесімді өмір сүруіне жаңа көзқарас туралы білуге болатын орын. Ауқымды шарада ғалымдар мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына күрделі нәрселерді қарапайым тілмен түсіндіріп, ал мұғалімдер балаларға арналған сабақтарды қалай жарқын, тартымды және қызықты ету керектігін айтады.

PRO.NRG FEST бүгінде Қазақстандағы ең ірі ғылыми-танымал фестивальдердің біріне айналды. Биыл фестиваль үшінші рет өтіп жатыр. Былтыр барлық отбасы мүшелеріне арналған бұл ағарту шараға 6,5 мыңнан астам көрермен қатысты.

Фестивалде 30-дан астам ғылыми-көпшілік дәрістер, шеберлік-класстар, интерактивтер мен практикумдар, бағалы сыйлықтар ұтыс ойынымен фестивальді геймификациялау, ғылым мен өнер ынтымақтастығы: ғылыми шоу бағдарламасы, тірі тәжірибелер және қойылымдар, YEMAA Art Space жобасының арнайы көрмесі, әртүрлі форматтағы көптеген маңызды контент, білім беру экспонаттары, воркшоптар және презентациялар күтеді.

Фестивальдің негізгі мақсаты -заманауи ғылым арқылы адам мен табиғаттың үйлесімді өмір сүру мүмкіндігін көрсету. PRO.NRG FEST 2024 «Tabigat & Science»Қазақстанда STEAM-білім беруді дамытатын «Caravan of Knowledge» корпоративтік қорының бастамасы бойынша өткізілетінін де еске сала кеткен жөн.

Яғни S-science (ғылым), T – technology (технология), E – engineering (инженерия), A – art (шығармашылық) және M – mathematics (математика). Бүгінгі таңда STEAM-білім беру пәнаралық және қолданбалы тәсілдерді қолдануға, сондай-ақ барлық бес пәнді бірыңғай оқыту схемасына біріктіруге негізделген. Айта кету керек, фестивальге үшінші рет Шеврон» компаниясы бас серіктес болып отыр. Бұл компания ғылым, жаңа технологияларға және тиімді білім беру шешімдерге қолдау білдіріп келеді.

Ал стратегиялық серіктес — Оқу-ағарту министрлігі, операциялық серіктестер— Целинный, УЕМАа, KilenHub, ақпараттық серіктес — Weproject.media. «NRG-Fest — еліміздегі отбасылық- ағарту тұжырымдамасы мен қатысушылар үшін еркін кіру мүмкіндігі бар жалғыз шара болғандықтан жылдан жылға біз білім беру контекстін ғана емес, сонымен қатар қоғамда жаңа шығармашылық ойларды тудыратын жаңа тақырыптар талқыланады.

«Бұл жолы фестивалде ғылымның әртүрлі аспектілері арқылы адамның табиғаттағы рөлін және табиғаттың адамда жүйе ретінде көрінуі қолға алынған. Спикерлердің кәсібилігі бұл тақырыпты кез-келген жас санаты үшін ашуға мүмкіндік береді. Барлық тілек білдірушілер үшін құнды білім ұсыну Шеврон компаниясының қолдауымен мүмкін болып отыр»,— деп атап өтті «Caravan of Knowledge» қорының басшысы Зарина Биюмбаева.

 

PRO.NRG FEST 2024 шарасының формуласына «Болашаққа дайындық: ғылым, табиғат және шығармашылық!» тақырыбы арқау болады.Фестиваль барысында балалар үшін интерактивті аймақтар құрылады, онда олар өздерін нағыз ғалымдар ретінде сезінеді. Геймификация форматында олар инженерия мен ғылыми шығармашылықпен айналысады, жасанды интеллект арқылы ғарышты зерленеп, мемдер, аниме, фильмдер мен мультфильмдер арқылы тарихты зерттейді. Ең белсенді қатысушылар ақылды сыйлықтар ала алады. Ата-аналар үшін сараптамалық дәрістер дайындалды, сондай-ақ ойындар арқылы өз баласын қалай дамыту керектігін, қазір білім берудегі трендтер, баланың мүдделерін ескере отырып, оның назарын қайда бағыттау керектігін біле алады.

Фестиваль спикерлері қатарында елдегі ең мықты мұғалімдер іріктелген. Мәселен, информатика пәнінің мұғалімі, PBL teacher. Жобалық оқыту шеңберінде ЖИ пайдалана отырып инновациялық шешімдерді әзірлеу тақырыбында Алия Абдинурова, халықаралық бакалавриатта емтихан алушы. Ол директордың мектептегі рөлі туралы айтады: Бұл мәртебе ме, әлде миссия ма?  тақырыбын Максат Даулетказыулы жан-жақты түсіндіріп береді.

Сондай-ақ Жамиля Турдалы,  Айгерим Абылкаирова, Алина АлимбаеваАйткуль ЖанаткызыХайдар Мурзахметов,Садыбекова БотакозЕрназар АбдикамаловНурсултан Зиядаев, Aidhn, Алия Сахариева, Павел Яковский (Paweł Jaskólski), Иржи Влах (Jiří Vlach секілді білікті де білгір спикерлер келушілер үшін тартымды тақырып, қызықты шоу түріндегі сабақ өткізуге дайын. Бұлардың барлығы Science on Stage Europe — жеңімпаздары екенін де еске сала кеткен жөн.

Былтыр Science on Stage Europe ұлттық кезеңінің финалы фестивальдің бір бөлігі болды. Бұл әлемнің түкпір-түкпірінен келген мұғалімдерге арналған халықаралық фестиваль, онда олар ғылыми пәндерді оқытудағы озық тәжірибелерімен бөліседі. Байқаудың қазақстандық кезеңін «Caravan of Knowledge» қоры «Шеврон»компаниясымен серіктестікте ұйымдастырды. Жеңімпаздар биылғы жылы біздің педагогикалық қауымдастықтың атынан Финляндияның Турку қаласында өткен Science on Stage Europe жаһандық финалына аттанды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар