Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әскердегі балаға туыстары 6 айда 300 мың теңге аударған

18:03, 21 қазан 2024 572

Жетісу облысы Сарыөзек кентіндегі №29108 әскери бөлімде борышын өтеп жүріп «таяқ жегенін» айтқан, кейін госпитальде көз жұмған сарбаз Досымжан Сәлімжанның соты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Alash.KZ "Азаттықтың" желідегі материалына сүйеніп.

 Үй ішінің сөзінше, сарбаз олардан жиі ақша сұраған. Жақындары жарты жыл ішінде оған жиыны 300 мың теңгеге жуық ақша салған.

Сарбаздың туыстары қазір істі болып жатқан командирдің де шотына бірнеше рет ақша аударған. Командир «ол ақшаны сарбаздың өзіне бердім» дейді.

Естеріңізде болса, 17 қазанда Алматы гарнизоны әскери сотында биыл мамырда әскери госпитальге түсіп көз жұмған қатардағы жауынгер Досымжан Сәлімжанның ісі бойынша сот басталған. Әскери бөлімдегі лейтенант Жанбота Шәкіровке “билiктi асыра пайдаланды” деген айып тағылған. Марқұм Досымжан өмірінің соңғы күндері жақындарына әскерде “Шәкіровтен үнемі таяқ жегенін” айтқан. Лейтенант тағылған айыпты мойындамады.

2023 жылғы қазанда Атырау облысы Құлсары қаласынан әскерге шақырылған 19 жастағы Досымжан Сәлімжан борышын Жетісу облысы Сарыөзек ауылындағы №29108 әскери бөлімінде өтеп жүрген.

Биыл 3 мамырда бүйрегі ауырғаннан әскери госпитальге түскен жауынгер он күннен соң сонда қайтыс болды. Клиникалық диагноз бойынша, Сәлімжанның өлімі “бүйрек ауруынан” болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар