Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі ешқандай да "құрбан" емес" - заңгер

15:38, 28 желтоқсан 2024 751

Заңгер Ләззат Ахатова тележүргізуші Асхат Садырбайдың бұрынғы әйеліне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын, оның ешқандай да "құрбан" еместігін айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ләззат Ахатова фейсбук әлеуметтік желісінде Асхат Садырбайға қатысты даулы мәселе жөнінде тағы да пікір білдірді. Оның айтуынша, сот шешімімен бала анасының қолында қалған. Бірақ анасы баладан бөлек тұратыны белгілі болған. 

"Сот шешімімен бала анасында қалған. Ал дәл қазіргі уақытта  балаға сонша таласқан әйел Алматыда баладан бөлек тұрады екен. Ұлы - нағашы ата-әжесінде. Заң бойынша бала ата-ананың бірімен тұру керек. 3-тарапқа қалдырып кету - заңсыздыққа жатады. Дәл осы жағдайда әкесі баланы тартып алуға да құқығы бар. Алайда әкесі тарапынан ондай әрекет жасалып жатқан жоқ", - деп жазған заңгер. 

...Бірақ қанша ашуланса да, енесі, күйеуі қандай адам болса да, баланы төмпештеп, енесінің құлағын жыртқан адамды жертва дей алмаймын...
 
Елге танымал бір коучтың курсына қатысып, “мен сендердің күңдерің емеспін, тамақ істемеймін, күйеуімнің нәскиін жумаймын” деп шыққаны да бар екен. Оны жазбадым. Тек өз көзіммен көргенімді баяндадым. Коучсымақтар да ақша үшін қанша отбасының обалына қалды, негізі..Қалғандарында шаруам жоқ. Асхатпен қоян-қолтық араласпағасын, қандай адам екеніне баға да бере алмаймын. Айтарым-не десеңіздер де, азамат екен. Әйелі қанша күйе жақса да, баяғы видеоларды жарияламады. Мен бірнеше рет “жариялаңыз, сонда сізді қаралап жатқандардың көзі жетеді” деп айттым. Затым әйел ғой) Мен болғанда, шыдамай, бәрін жариялар едім. Әлі жарияламады. “Отбасымның мәселесін ел алдында емес, шектен шыққан нәрсені тиісті жерде заңмен шешем” деді. Сауатты адамның әрекеті осындай болады. Қанша жала жапса да, баласының анасының ел алдында плинтустан төмен түсуіне жол бермеді.

Сонымен қатар, Ләззат Ахатова желідегі кез келген қауөсетке сеніп, әртүрлі әңгіме таратпау керегін нақтылады. Халықтың алдына шығып, көз жасын көл қылғандардың бәрі "құрбан" емес деп қорытындылады:

“Жылтырағанның бәрі алтын емес...”. Сол сияқты жылап, сұқбат бергеннің бәрі - “құрбан” емес.. Бастысы - бүкіл “әлем” құтқаратындай, ешкімнің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қауіп төнсе, видеофиксация жасасын, сөздерін дәлелмен негіздесін. “Қырық жыл” бұрынғы үйіне орнатылған камера - адам өміріне төнген қауіпке жатпайды. Екі бөлек кеткендеріне 5 жыл болған. Қазір қандай қауіп төніп тұр, әйелге? Көшеден ұстап алып, тыныштық бермей, таяқтап, ұрып-соғып жатса, ешкім үнсіз отырмайды. Ондай жағдай болса, ең бірінші әйелді қорғап, мен шығар едім", - дейді Ләззат Ахатова.

Еске сала кетейік,  Асхат Садырбайдың екінші әйелі Айғаным Болатқызы Kyn.kz YouTube арнасына сұхбат беріп, бұрынғы күйеуінен көрген қорлықтары туралы айтып берді.

Ол екеуінің 5 жыл бұрын ажырасып кеткенін, алайда экс-күйеуі әлі күнге дейін не өзіне, не әке-шешесіне, туыстарына маза бермей келетінін жеткізді.

«Асхат жол апатынан соң, біраз қалада тұрып, біз ауылға кеттік. Кейіннен ол балдақпен жүре бастады. Мен баланы емізіп жатқанда енем Асхатқа барып, «баланы бермей жатыр» деген. Сол кезде Асхат келіп балдағымен мені ұратын», - дейді ол.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар