Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева күміс жүлдеге ие болған Демеу Жадыраевтың қара шаңырағын көрсетті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
“Демеудің туған жері Үшарал халқының махаббатын қараңыздаршы?! "Баласы атқа шапса анасы тақымын қысады" деген осы... Бүкіл әлем көз тігіп отырған жарыста екінші болу үлкен мәртебе! Күміс құтты болсын!” – деп жазды айтыскер ақын.
Айнұр Тұрсынбаева Демеу Жадыраевтың жеңісіне құтты болсын айтып, туған жеріне қатысты сөз қозғады.
“Демеу бауырымыздың жарысын бәріміз күттік қой. Олимпиаданың күмісі бұйырған екен, құтты болсын! Үшарал халқы алаңға шығып осы жарысты тамашалаған екен... Чемпион ұлдардың ауылына жасалған жағдай бізге де жасала ма деген үміт те бар еді ғой... Осындай батыр ұлдың ауылына да асфальт төсеп, Жетісу жұрты тік тұрып қарсы алғалы жатқан шығар... Медаль құтты болсын қазақ елі”, – деді суырыпсалма ақын қыз.