Қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова желідегі парақшасында жазба жариялады, деп жазады Alash.kz.
"Асанәлі Әшімұлымен сырласқыңыз келсе, оның жүрегін не толғандырғанын, өмір мен өнер туралы ойларын білгіңіз келсе, күнделік кітабын оқыңыздар. Бұл кітаптан сіз тек актердің ғана емес, тұтас бір дәуірдің тынысын, өнер адамының ішкі әлемін, өмірлік ұстанымдарын таба аласыздар", – деп жазды Бағдат Әшімова.