Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Аса қатігездікпен өлтіру” деп ауыстыруды талап етеміз!”: Абай облысында 23 жастағы әскери қызметкерді пышақтап кетті

13:54, 24 қазан 2024 1188

Қаңтарда Рахат Райбек Абай облысының Үржар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жұмысқа орналасады. Он күннен кейін 23 жастағы әскери қызметкер әріптестерімен туған күн тойлауға кеткен екен. Сол түні ауылдағы дүкеннің маңынан оның мәйіті табылған, деп жазады Alash.KZ.

“Еңгезердей жігітке бір адам 22 жерден пышақ салуы мүмкін емес. Екіншіден, осы қылмысты жасырып отырған бірнеше тұлғалар бар. Олар да іс бойынша жай куә ретінде жүргізіліп отыр. Оларды күдіктілер қатарына өткізу керек. Іс 99-баптың 1-тармағы бойынша қарастырылып жатыр. Оны 2-тармаққа, яғни “Аса қатігездікпен өлтіру” деп ауыстыруды талап етеміз”, – деді марқұмның әпкесі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар