Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Аса ірі мөлшерде есірткі сатқан екі қызылордалық сотталды

Аса ірі мөлшерде есірткі сатқан екі қызылордалық сотталды

Қызылорда қаласының екі тұрғыны аса ірі мөлшерде есірткі сатқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Alash.kz Massaget.kz-қа сілтеме жасап.

Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында сату мақсатында аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған Қызылорда қаласының 2 тұрғыны құрықталды.

"Жүргізілген іс-шараның нәтижесінде күдіктілердің мекенжайларынан жалпы салмағы 1,4 келі есірткі тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.

Соталды тергеп-тексерістің нәтижесінде жинақталған барлық құжат, дәлелдер сотқа жолданып, соттың үкімімен күдіктілер 11 жылға сотталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар