Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Аса ауыр қылмыс жасады: Алматыда танымал ірі меценат іздестіріліп жатыр

10:51, 03 наурыз 2025 2964

“A Class Medical” компаниясының директоры әрі меценат Азамат Доланбаев ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздестірілуде. Бұл туралы Alash.kz хабарлайды. 

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

Олардың мәліметінше, Азамат Доланбаев Медеу ауданы полиция басқармасы тарапынан адам денсаулығына ауыр зиян келтіру фактісі бойынша іздестірілуде. Сот оның сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге санкциялады.

 Қазіргі уақытта күдіктінің орналасқан жерін анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Ашық дереккөздерге сәйкес, Азамат Доланбаев өткен жылы Сарқан қаласында гемодиализ орталығын ашуға 60 миллион теңге бөліп, меценаттық танытқан.

 2020 жылы “A Class Medical” компаниясының бас директоры ретінде Талғар орталық аудандық ауруханасын 15 жылға сенімгерлік басқаруға алған, бұл қала тұрғындарының наразылығын тудырған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар