Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ас үйі жоқ. Бір бөлме толы туфли: Алтынай Жорабаеваға күйеуі ерекше үй сыйлады

15:10, 30 желтоқсан 2024 1255

Қазақстанның белгілі әншісі Алтынай Жорабаеваға жолдасы тек демалуға арналған ерекше пәтер сыйлаған. Көпшілікке жұмбақ болған баспананы өнер иесінің келіні Аяулым Жорабаева желіде көрсетті, деп хабарлайды Alash.kz NUR.kz сайтына сілтеп. 

 Талғат Жорабаевтың келіншегі Instagram-дағы парақшасында қайын әпкесінің су жаңа пәтерінен видео жариялап, оны барша оқырманына көрсеткен.

Блогердің сөзінше, бұл – өте ерекше үй. Себебі аталмыш пәтерде ас үй бөлмесі мүлдем жоқ. Бейнежазбада екі жатын бөлмесі мен қонақтарға арналған бөлме бар екенін көруге болады. Оған қоса пәтердегі бір бөлме кілең аяқ киімдерге толы болса, екі бөлмеде түгел Жорабаеваның киімдері мен сахналық образдары ілініп тұр.

 "Қайын әпкеме ағамның арнайы алып берген пәтері. Әпкем әрең рұқсат етті. Блогер болғасын оқырмандарыма көрсетуім керек деп айттым. Ас үй бөлмесі жоқ пәтер. Тек әпкемнің киімдері мен сахналық образдары ғана тұрады. Бір бөлмесі екінші бөлмесіне ұқсамайды. Бір бөлме аяқ киімі бар. Екі бөлме киімге толып тұр. Ортадағы үлкен шкафта тек алтындары тұрады. Жатын бөлме ғана бар. Бәрімізге осындай пәтер жұғысты болсын", - деді Аяулым Жорабаева.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар